Oqıǵalar

Буревестник ауылына гастрольдік сапар

   14 мамырда, Халықаралық отбасы күні қарсаңында, Облыстық қуыршақ театры Наурызым ауданының Буревестник ауылының кішкентай тұрғындарына, тұсаукесері 10 сәуірде өткен, «Путешествие с Красной Шапочкой» атты жаңа қойылымын ұсынды.                            
   Мектептің спорт залына жиналған кішкентай көрермендер үшін біздің театрдың актерлері: Д. Кенжегарин, О. Коротченко, Д. Норка және В. Митенко тамаша ертегі көрсетті. Жас театр сүйер қауымына жаңа және ерекше интерпретациядағы танымал ертегі өте ұнады. Олар актерлердің шебер ойынынан, жарқын декорациялар мен қуыршақтардан, әзіл мен көңілді әндерден көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсер алды. Бұл қонақжай мекенінде театрымыздың әртістері бірнеше рет болып, көрермендерді қуанткан еді. Әрдайым театрдың шығармашылық ұжымының гастрольдері сол жерде үлкен жетістікпен өтеді. Осы жолы да спектакль жақсы қабылданып, балалар үшін жарқын әсерлер мен қуанышқа толы керемет оқиға болды!

 



 

   

 

Ақпараттық серіктестер