Spektaklder

ТРИ ПОРОСЕНКА

Авторы: С.  Михалков

Барлығы С.Михалковтың ертегісін біледі, бірақ бізде ол басқаша. Сұр зұлым қасқыр бар. Бірақ алаңдамаңыз. Біз қасқырды аулау үшін екі атақты аңшыны шақырдық. Спектакльге келіңіз, сіз үш шапшаң торайдың қызықты оқиғаларын, үй салғанын, қасқырдан қашып құтылғанын және торайлар ақымақ қасқырды қалай аулап, ұстап алғанын көресіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірге әрекет етсеңіз, көп нәрсе қолдан келеді. Қарапайым бұл қорытынды әр бала үшін өзіндік жаңалыққа айналады.

4 жастан асқан балаларға арналған көңілді музыкалық қойылым (4+).

Спектакльдің ұзақтығы 40 минут, үзіліспен өтеді.

Ақпараттық серіктестер