ҚР. Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы | КГКП "Областной кукольный театр" управления культуры акимата Костанайской области
                                


Oqıǵalar

ҚР. Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы орналасқан ғимарат - Елордамыздың сәулетті нысандарының бірі.                                                                                   
Нысан танымал британдық сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған.
Жеке кітапхана қорының негізін Елбасының кітаптары мен оның авторлық еңбектері; авторлардан Тұңғыш Президентке сыйға тартылған кітаптар мен басқа баспа басылымдары; сирек, коллекциялық және сыйлық басылымдары; мерзімді басылымдар; анықтамалықтар (энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар) құрайды.
Елбасы кітапханасы – бұл бірегей экспонаттары мен құжаттары бар мұражай мен мұрағатты, ғылыми - білім беру және мәдени-ағарту орталығын қамтитын тұтас кешен. Мекемеге кіру ашық және тегін. Ерекше кітапханаға виртуалды түрде кіруге болады. Виртуалды пайдаланушыларды тіркеу және жазу кітапхана сайтында жүзеге асырылады, оған мына сілтеме арқылы өте аласыз: https://elbasylibrary.gov.kz

Ақпараттық серіктестер