Ózekti

Жаңалықтар

                                                                                                                                                                                                            
 
Ashyq  пилоттық жобасы

Облыстық қуыршақ театры Ashyq пилоттық жобасына қатысады, оның көмегімен келушінің мәртебесін анықтау үшін  театрға кіру қатаң түрде QR - кодын сканерлеу арқылы жүзеге асырылады.                                                  
Ол үшін сізге қажет:

 

1.   Ashyq мобильді қосымшасын өз телефоныңызға жүктеп алу.

2. Театрға кірер алдында көрермен арнайы QR-кодты сканерлеп, оны кіреберістегі қызметкерге көрсету.

3.  Смартфон болмаған жағдайда немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу    кезінде қиындықтар туындаса, театрдың жауапты қызметкерлері келушілердің мәртебесін Ashyq жүйесі арқылы, оның ЖСН дерегін қосымшаға енгізіп, тексере алады (жеке куәлік болуы тиіс).

4.  QR-кодты сканерлеген соң мобильді қосымшада келушінің мәртебесі түрлі-түсті форматта жанады:

 


КӨК - ПТР зерттеулерінің нәтижесі жоқ екенін және  науқас адаммен байланыста болмағанын білдіреді.
ЖАСЫЛ - мұндай адам базада Covid-19 індетіне ПТР-тестілеуінен өтіп, нәтижесі теріс болып тіркелгенін білдіреді.
САРЫ - ПТР деректер базасында науқас адаммен байланыста болған деп белгіленген.

ҚЫЗЫЛ - деректер базасында Covid-19 індетіне ПТР-тестілеуден оң нәтижесімен тіркелген.

 

Жасыл және көк мәртебелі көрермендер театрға шектеусіз кіре алады.

Егер келуші сары немесе қызыл мәртебесіне ие болса, оған театрға кіруге тыйым салынады. Сатып алынған билеттерді кассаға тапсыруыңызға болады немесе келесі қойылымға дейін сақталады. 

Сіздің қолдауыңызға сеніп, түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз!

Бұл  Сіздің және біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі үшін қажет!                                                                                     


                                                                                         
Ашық диалог

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік  қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда  сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
 http://m.egov.kz/survey




 

Еңбек күнімен!

 Жыл сайын еліміз қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күнін тойлайды. 2013 жылдың қарашасында бекітілген   мереке  өндіріс саласының беделін өсіріп, ел игілігі үшін бағытталған ортақ жұмыстың маңыздылығын насихаттауды   көздейді.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев әлемдегі өмір сапасының жоғары үлгісіне жету мүддеге сай еңбекті талап ететінін белгілейді. Елбасының бұл бағыттағы көзқарасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында көрініс тапқан.

Тәуелсіз Қазақстан – еңбек мектебінің негізін қалаған ел әулеттерінің отыз жылдық ұмтылысының жемісі. «Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет білдіреміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», - деді мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев.

Еңбек күні қарсаңында мемлекеттің әлеуметтік жаңғыруына үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбекқорлығын дәріптеу мақсатында Елбасының кітапханасы арнайы бейнеролик дайындады.


 

ҚР. Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы орналасқан ғимарат - Елордамыздың сәулетті нысандарының бірі.                    Нысан танымал британдық сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған. Жеке кітапхана қорының негізін Елбасының кітаптары мен оның авторлық еңбектері; авторлардан Тұңғыш Президентке сыйға тартылған кітаптар мен басқа баспа басылымдары; сирек, коллекциялық және сыйлық басылымдары; мерзімді басылымдар;  анықтамалықтар (энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар) құрайды.
Елбасы кітапханасы – бұл бірегей экспонаттары мен құжаттары бар мұражай мен мұрағатты, ғылыми - білім беру және мәдени-ағарту орталығын қамтитын тұтас кешен. Мекемеге кіру ашық және тегін. Ерекше кітапханаға виртуалды түрде кіруге болады. 

Виртуалды пайдаланушыларды тіркеу және жазу кітапхана сайтында жүзеге асырылады, оған мына сілтеме арқылы өте аласыз: https://elbasylibrary.gov.kz
 

Астана күні құтты болсын!

 6 шілдеде қазақстандықтар мемлекеттік мереке - Елорда күнін атап өтеді. Біздің мемлекетіміздің астанасы, Нұр-Сұлтан -   технологиялық және индустриялық дамыған, болашағы зор, заманауи және әсем қала.
1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен елордамыз Астана «Бейбітшілік қаласы» марапатына ие болды. Бұл атақ әлеуметтік, экологиялық салаларда, муниципалдық секторды дамыту саласында өзін  жоғары көрсеткен және әлем мәдениетіне практикалық үлес қосқан қалаларға беріледі. Сіздердің назарларыңызға Елбасы кітапханасы дайындаған бейнероликті ұсынамыз.
Біздің елордамыз өркендей берсін, барша қазақстандықтарға денсаулық пен молшылық тілейміз!
Сілтеме

 

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

 Биылғы жылдың 4 шілдесіне келетін Ұлттық домбыра күні қарсаңында сіздердің назарларыңызға Елбасы  кітапханасы   дайындаған бейнероликті ұсынғымыз келеді.
Қазақтың ең танымал музыкалық, ішекті, шертпелі аспабы әлемге сыйға тартылған ұлы құндылықтардың бірі болып  танылды. Қызықты бір жайт,  2010 жылы Қытайда 10 мыңнан астам домбырашы қазақтың «Кеңес» күйін орындағаннан кейін   домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.
  Келе жатқан мереке құтты болсын, достар! 
Сілтеме  


 

Ақпараттық серіктестер