Teatr týraly

     1986 жылдың  31 желтоқсанында М. Садовскийдің «Машенька» спектаклімен Қостанай қаласында қуыршақ театры ашылды.  Бұл спектакль біздің театрымыздың тарихында маңызды бастама болып табылады. Қазіргі уақытта театр репертуарында 40-тан астам спектакль бар, олардың көпшілігі әртүрлі деңгейдегі қуыршақ театрларының фестивальдерінде біздің облысымызды және елімізді танытып, бірнеше рет лауреат және дипломант атанды.
     1999 жылы Қостанай облыстық қуыршақ театры М. Горький атындағы облыстық орыс драма театрымен біріктірілді. Қазақстандағы жалғыз, жанры мен ерекшелігі мүлдем өзгеше екі шығармашылық ұжымның бірегей одағы Қостанай облыстық драма және қуыршақ театры мәртебесін алды.
       2012 жылғы 27 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» № 112 қаулысы қабылданып «Облыстық қуыршақ театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды. Сол жылы 28 мамырда Қостанай облысы әкімдігінің «Облыстық коммуналдық мүлікті беру туралы» № 255 қаулысымен «Қостанай облыстық мәдениет сарайы» МКҚК теңгерімінен Перронная, 20 көшесіндегі үш қабатты ғимаратты «Облыстық қуыршақ театры» КМҚК теңгеріміне беру туралы шешім қабылданды. Қуыршақ театры 126 орындық көрермендер залы, көркем, конструкторлық, костюм шеберханалары, дайындық залы және екі киіну бөлмесі бар жеке ғимаратына ие болды. Облыстық қуыршақ театры мәртебесінде қуыршақ труппасы  27-ші театр маусымын өз ғимаратында ашты.
       Шығармашылық жағынан қойылатын спектакльдер өзгеріссіз қалады, олар орыс, қазақ және ең үздік шетел драматургиясының шығармалары бойынша қойылады.  «Еще раз о Красной Шапочке» (С. Ефремов), «По-Щучьему велению» (А. Гараховская), «Теремок» (С. Маршак), «Три поросенка» (С. Михалков), «Белая дочь степей»
(Г. Кулунчакова), «Приключения медвежонка Рим-тим-ти» (Я. Вильковский), «Ястребок» (И, Я. Златопольские), «Песню пой, моя домбра!» (А. Қарасай)  және тағы басқа балалардың спектакльдері балалармен сүйсіне қаралып, оларды қуантып келеді.
       Біздің актерлеріміз қуыршақтардың әр түрімен –планшетті, қолғапты, үлкен қуыршақтармен жұмыс жасайды, бұл спектакльдерді кішкентай және үлкен көрермендер үшін әртүрлі, мүлдем жаңа, үнемі қызықты етеді. Театр репертуары әр маусымда жаңа қойылымдармен толықтырылады. 
        Осы жылдар арасында театр Қазақстан мен Рессейдің бірқатар мәртебелі дипломдары мен марапаттарын иеленді:

·         2002 жылы Алматы қаласында өткен I Республикалық қуыршақ театрлары фестивалінде ең үздік сценография үшін Э. Бобровтың пьесасы бойынша қойылған «Приключения Светлячка» спектаклі жоғары награда -  Гран - при  алды.
·       2003 жылы «Большой Урал – Приволжье» IX қуыршақ театрлар фестивалінде (Пермь, РФ) Э. Бобровтың пьесасы бойынша қойылған «Приключения Светлячка»  спектаклі кіші жас санатында 1-ші орын және көрермендер көзайымы сыйлығын алды.
·         2006 жылы Челябі қаласында (РФ) өткен «Соломенный жаворонок» I Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде Н. Дворскийдің «Прыгающая принцесса» спектаклі арнайы жүлдеге ие болды.
·         2007 жылы Ақтау қаласында өткен «Ортеке» I Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде Д. Құсайыновтың, Х. Булибековтың пьесасы бойынша «Нужно быть нужным» спектаклі I дәрежелі дипломмен марапатталды.
·         2011 жылы театр Я. Вильковскийдің «Приключения медвежонка Рим - Тим -Ти» спектаклімен Астанада өткен Қостанай облысының мәдениет күндеріне   қатысты.
·         2013 жылы театр Астана қаласында өткен «Ортеке» Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне С. Коганның, С. Ефремовтың «Еще раз о Красной Шапочке» спектаклімен қатысты. 
·         2015 жылы Қостанай қаласында өткен «Ортеке» IV Халықаралық қуыршақ театрларының  фестивалінде В. Павловскистің «Лисенок – Плут» спектаклімен қатысып, үздік сценография үшін фестивальдің дипломымен марапатталды.
·         2016 жылы Жеңістің 70 жылдығына арналған Ирина мен Ян Златопольскийлердің «Ястребок» спектаклі «Ең үздік балалар спектаклі» номинациясы бойынша Қазақстанның ТҚО дипломына ие болды.
·         2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Ассалаумағалейкум-V» Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне А. Қарасайдың «Песню пой, моя домбра!» қатысып, фестиваль дипломымен марапатталды.     
·        2022 жылы театр Екатеринбург қаласында (РФ) өткен «Петрушка Великий» XI Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне А.С. Пушкиннің повесі   бойынша қойылған «Пиковая дама» (режиссёр А. Зайцев) спектаклімен қатысып, фестиваль дипломымен марапатталды.     
 
        2013 жылы біздің театрдағы қуыршақтар «Нужно быть нужным» (Д. Кусаинов, Х. Булибеков) спектаклінде алғаш рет қазақ тілінде сөйледі. 2019 жылы І Омаров атындағы Облыстық қазақ драма театр актерлерінің қатысуымен Г. Ландаудың пьесасы бойынша  «Ку - ка - ре-ку» спектаклі қазақ тілінде қойылды. 2020 жылы Эрнест Хемингуэйдің повесі негізінде жоғары сынып оқушылары мен ересектерге арналған «Старик и море» спектаклі қойылды. Спектакльді қою үшін Алматы қаласынан режиссёр Д.Жұмабаева және қоюшы-суретші Ю. Чернова шақырылды. 2021-2022 жылдары театр репертуары ересектерге арналған тағы екі жарқын қойылыммен толықты. Бұл - А.С. Пушкиннің повесі бойынша «Пиковая дама» спектаклі (режиссёр А. Зайцев)  және А. П. Чеховтың пьесасы бойынша «Предложение» спектаклі (режиссёр Ю. Семенова).  
        Қуыршақ театры өзінің аз ғана тарихында өңірдегі театр өнерін насихаттау мен дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Театр көп гастрольдерге шығады, қайырымдылықпен айналысады, сондықтан риза болған көрермендер бізді қалалар мен шалғай ауылдарда, интернаттар мен балалар үйінде асыға күтеді. Көрермендердің бірнеше буыны қуыршақ театрының қойылымдарын тамашалап өсті. Театр ұжымы заман ағымына ілесіп, өз шеберлігін шыңдауда, жұмыстың сан алуан түрі мен әдістерін қолданып, оны жетілдіріп, жаңасын енгізіп, заманауи көрерменнің талғамына, дүниетанымы мен сұранысына сай жұмыс жасауда.

 

КӨРЕРМЕНДЕРГЕ


«Балаларды қайда апарайық?» деген сұрақ ата-аналарды көп мазалайды. Демалыс ұмытылмас және қуанышты болуы үшін және бала көңілді уақыт өткізіп қана қоймай, жаңа, пайдалы ақпарат алып, білгені қажет. Сонымен қатар, ата-аналар баланы қабылдайтын мекеменің жақсы дайындалғанын - жарқын безенндіріліп, сәнді реквизиттер, ойын-сауықтардың болғанын және  актерлік шеберлігімен танымал болғанын қалайды. Сондай-ақ таңдалған жерде балалардың жасын ескеріп, соған сәйкес балаға түсінікті және ол үшін мүлдем қауіпсіз болатын ойын-сауық бағдарламасын таңдағанды қалайды. Балалар мен олардың ата-аналары өздерін қаншалықты жайлы сезінетіні де өте маңызды.

Қуыршақтар театры барлық осы талаптарға сәйкес келеді. Бұл барлық ата-аналарға қайталанбас балалық шағына енуге және балаларға керемет әсер қалдыруға мүмкіндік беретін тартымды және қол жетімді ойын-сауық. Қуыршақтар театры өзінің үлкен және кішкентай көрермендері үшін қызықты және таңғажайып оқиғаларды ұсынады, балалардың күлкісі сіздің жаныңызға ұзақ уақыт жылу ұялатады.

Театрға келген бала толығымен ертегілер әлеміне енеді. Балалар кейіпкерлерге жанашырлық танытып, олармен бірге күліп, бірге жылайды. Ертегі әлемі балаларды жақсылық жасауға ынталандырады. Теріс кейіпкерлердің мінез-құлқын олар дұрыс емес деп қабылдайды.

Тәрбиелік мақсатында қуыршақтар театры ата-аналар үшін таптырмас нәрсе: ол тістерін тазалағысы келмеу, балабақшадағы тентектік, сауда-саттық сапарларындағы қыңырлықтардан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар, баланың сөйлеу дағдысы дамиды, ой өрісі кеңейеді, бала күнделікті өмірде белсенді қолдана алатын жаңа өрнектер мен сөздерге  үйренеді.

Театр бірден бірнеше өнерге толы - бұл музыка, пластика, риторика және актерлік өнер.

Қуыршақтар театрындағы тәртіп ережелері

Қуыршақ театры өз көрермендеріне - ересектерге де, балаларға да тамаша эмоциялар теңізін сыйлайды, бірақ көңіл-күйіңізді түсіретін жағымсыз мәселелерден сақтайтын келесі ережелерді есте ұстаған жөн.

  • Егер балаңыз тым кішкентай болса, оны қорқытпайтын жақсы кейіпкерлері бар қойылымды таңдаған дұрыс.
  • Спектакльге бармас бұрын, сіздің балаңыздың жасына сәйкес келмейтін басқа қойылымға өзгеріс енгізілмегенін әкімшіден нақтылау қажет.
  • Спектакльге жарты сағат бұрын келгеніңіз дұрыс. Бұл баланы асықпай шешіндіруге, бағдарлама сатып алуға және қажет болған жағдайда баланы дәретханаға апаруға мүмкіндік береді.
  • Театрға бару үшін таңдалатын балалар киіміне тоқталатын болсақ, ол ыңғайлы, жайлы, сонымен қатар сәнді болуы тиіс, бала сәттің барлық салтанатын сезінуі қажет.
  • Ыңғайсыз жағдайға тап болмас үшін, спектакль басталар алдында ұялы телефонды өшіруді ұмытпаңыз.
  • Кейде спектакльдің басталуы кешіктірілуі мүмкін, сондықтан күту кезінде баланы бос қалдырмайтын сүйікті ойыншығын алғаныңыз жөн.
  • Қуыршақ театрына өте кішкентай балаларды апармаған жөн, өйткені қуыршақ театрында эмоциялар мен сөздерді білдірудің ерекше тілі қолданылады, балалар түсінбеуі мүмкін.
  • Егер спектакль кезінде бала мазасыздана бастаса және оны тыныштандыру өте қиын болса, спектакльдің аяқталуын күтпестен қойылымнан кеткен дұрыс, бұл театр туралы жағымды естеліктерді сақтауға көмектеседі.
  • Театр қаншалықты қауіпсіз болса да, баланы ешқашан жалғыз қалдыруға болмайды – бала "жасырынбақ" ойнағысы келіп, оңай жоғалуы мүмкін.

Әсіресе сүйікті ертегі кейіпкеріне гүл сыйлауға болады. Спектакльдің әсері-балада да, актерлерде де-ең қуанышты, ұмытылмас және әдемі болып қалады!

 Қуыршақтар театры ересекті де, баланы да ертегіге сендіре алатын, ғажайыптар әлемі, сондықтан сіз басқа көрермендермен ғана емес, әртістермен де ілтипатты және сыпайы болып, оларға қошеметтеріңізді аямай, ризашылық білдіріңіз. Сүйікті ертегі кейіпкеріне гүлшоқ сыйлауға болады. Спектакльден алған әсер бала үшін де, актерлер үшін де ең қуанышты және  ұмытылмас  болып қалады!

 

Жас шектеулері мен көру ұсыныстары

Қуыршақ театрларына байланысты кейбір ұсыныстар бар.

Үш жасқа дейінгі балаларға  қойылымдарға келу ұсынылмайды. Бұл жастағы балалардың психикасы әлі қалыптаспағаннан, олар айқайлап, мазасыздануы мүмкін, ал қойылым қорқынышқа айналуы да ықтимал.

Алайда, үш жастан бастап балалар міндетті түрде қуыршақтары бар театрлық қойылымдарға қатысып, кейіпкерлер, ертегілер мен әңгімелер туралы баяндайтын мазмұнды қойылымдарға келулері керек. Баланың көңілін қалдырмайтын классикалық сценарийді таңдаған дұрыс. Сондай-ақ, барлық декорациялардың жақсы безендірілуі өте маңызды, сондықтан сіз спектакль, актерлер туралы пікірлерді алдын-ала біліп, спектакльдің шолуларымен танысып, премьера туралы пікірлерді оқып шығуыңыз керек.

Ең кішкентай балаларды ересектердің алдына отырғызған дұрыс, сонда олар декорацияның барлық бөлшектерін, актерлердің ойынын жақсы көре алады

Үш жастан бес жасқа дейінгі балалар  үшін театр қуыршақ өнерінің классикасына айналған «Теремок»«Ку-ка-ре-ку»«Самый вежливый герой», «Три поросенка», «Сюрприз» және басқа спектакльдер ең оңтайлы болады.

Егер бала бес жаста болса, оны ересектерге арналған қойылымдарға апаруға болады. Мамандар бұл жаста «Маленькая Фея», «Нужно быть нужным», «Приключения медвежонка Рим-тим-ти»  сияқты қызықты ертегілерді көруге кеңес береді.

 

Терроризм актілерінің алдын  алу  бойынша  жадынама

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары жəне техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

 Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды əлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нəрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

 Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тəжірибеңіз болса да, онымен бір нəрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал жəне əккі болып келеді.

 Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті. Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын жəне т.б. үйретіңіздер.

 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған  жадынама

 

Терроризм актісінің жоспарлануын немесе дайындалуын айғақтайтын белгілер:

  • сіз жұмыс істейтін ғимараттын (жиі баратын жеріңізд3) немесе үйдің ауласында күдікті адамдардың бірнеше мәрте көрінуі, олардың суретке және бейнежазбаға түсіруі, сондай-ақ жазып алуы;
  • аталған адамдардың құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп қалмауға әрекеттенуі және бейнабақылау камераларына көзге түсіп қалудан жалтаруы (басын төмен түсіреді, бұрылып кетеді, бетін бүркейді);
  • техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдардың ғимараттардың жертөлелері мен шатырларына кіруі;
  • осы адамдардың әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының күзетшілерімен және қызмет көрсетуші персоналдарымен негізсіз байланысқа түсуі (әңгімелесуі), оның ішінде олардың кезекшілік және жұмыс кестесін, ғимараттың жоспарын, қызметкерлер кабинеттерінің орналасуын анықтау мақсатында әңгімеге тартуы;
  • бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу)ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.  

 Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:

 1) Ұстауға өздігімен əрекет қабылдамау;

2) Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;

3) Өзіңіз назарға түспей, тұлғалардың санын, нақты сыртқы белгілерін, киімдерін жəне оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номірін жəне маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

 

Күдікті зат тауып алған кездегі халыққа арналған жаднама

 

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сөмке, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.    

 

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын белгілері:

1) көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;

2) бөтен сөмке, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;   

3) созылған сым, бау, заттардың сыртынан көрінетін сым, қуат көздері немесе оқшаулағыш таспа;

4) табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

 

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

 

1)    қоғамдық көлікте:

-  заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2)    үйіңіздің кіре берісінде:

- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе затқа бөтендерді жақындатпауға тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

 - тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

 

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

 

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

 

- табылған затты ашуға, орнынан қозғауға,көтеруге, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға;

- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

 

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нəтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жадынама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

 Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсəтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы əсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен кезде (алақызыл қан субұрқақпен шапшып жатса) жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

 Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, сабырлауға тырысыңыз. Терең жəне бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап жəне заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт жəне т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

 Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегін сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер жəне т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

 

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша

халыққа арналған жадынама

 

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді. 

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз: 

1) өзіңізді  қолға алып, тынышталыңыз және үрейленбеңіз; 

2) егер Сізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз; 

3) адами, моральдық және эмоционалды тұрғыдан қатаң сынаққа дайын болыңыз.

 Адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;  

4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз; 

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін белгілеп, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасаңыз. Толық ақпарат кейіннен террористердің жеке басын анықтауға көмектеседі;

6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды  анықтауға тырысыңыз;

7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады; 

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) ақталған

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;

3) бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;

4) пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін  дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін  денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

1) аяушылық, абыржу және асып-сасу сезімдерінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;

2) үмітсіздік сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;

3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына  сеніңіз. 

4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;

5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз. 

 

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі ережелерді ұғып алған пайдалы:

1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;  

2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;

3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды  (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек.

4) егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.  

5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай,  сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.

 

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жадынама

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  үйіңізде естісеңіз: 

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз; 

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты  жұмыс орныңызда естісеңіз: 

1)  асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;  

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі

 тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  үйіңізде естісеңіз: 

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз; 

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты  жұмыс орныңызда естісеңіз: 

1)  асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;  

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.


Ақпараттық серіктестер