Oqıǵalar

Театр түні

27 наурызда, Халықаралық театр күні Облыстық қуыршақ театры өз көрермендеріне тосын сый дайындап, қуыршақтардың жұмбақ әлеміне енуге және сахна сыртындағы құпиялармен танысуға мүмкіндік берді.                                                               
«Театр түнінде» көрермендер «Непоседы», «Волк, коза и козлята», «Дюймовочка», «Песню пой, моя домбра!» және «Золотой цыплёнок» спектакль үзінділерін көріп, қойылымның қыр – сырын біліп, өздерін актер рөлінде сынап көрді. Сондай-ақ, қонақтар қуыршақтарды жасау және оларды бояу мүмкіндігіне ие болды. Облыстық тарихи - өлкетану мұражайымен бірге театр фойесінде театрдың 35 жылдық мерейтойына арналған көрме ұйымдастырылды, онда келушілер театр тарихындағы қызықты фактілермен танысып, Толстой көшесі, 53-үйде қуыршақ театрының ашылуынан 1986 жылғы заттарды тамашалай алды. Соңында көрермендерге режиссер Дина Жұмабаеваның «Старик и море» спектаклі көрсетілді.
 










 


 

Ақпараттық серіктестер