«Путешествие с Красной Шапочкой» спектаклінің премьерасы | КГКП "Областной кукольный театр" управления культуры акимата Костанайской области
                                


Oqıǵalar

«Путешествие с Красной Шапочкой» спектаклінің премьерасы

Облыстық қуыршақ театрының репертуары тағы бір жарқын қойылыммен толықты. 10, 11 сәуірде «Путешествие с Красной Шапочкой» спектаклінің премьерасы өтті. Сахналау авторы және режиссеры – Ю. Семенова.                                                     
Жаңа және ерекше интерпретациядағы әйгілі ертегі алғашқы минуттардан бастап кішкентай көрермендердің көңілін баурап алды. Балалар өздерінің эмоциялары мен сезімдерін жасыра алмайтын ерекше аудитория. Егер спектакль ұнамаса, бала оның соңын шыдамдылықпен күтіп, отырмайды. Ал «Путешествие с Красной Шапочкой» спектаклін кішкентай көрермендер үлкен қызығушылықпен тамашалап, актерлердің сұрақтарына жауап бере отырып, оған белсенді қатысты және Қызыл телпек пен оның әжесіне жанашырлық танытты. Қойылым өте әсерлі, музыкалық және терең мағыналы, нақты тұжырымдары мен ғибраты бар болып шықты. Бұл ертегі бұрыннан белгілі шындықтарға жаңаша көзқараспен қарап, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.
 
Біздің қымбатты көрермендерімізге керемет пікірлері мен қошеметтері үшін алғыс білдіреміз!
Шығармашылық ұжымға тамаша қойылым және жарқын актерлік жұмыс үшін үлкен рахмет!

   

   

Ақпараттық серіктестер