«Волшебники театра кукол» шеберлік сабағы | КГКП "Областной кукольный театр" управления культуры акимата Костанайской области
                                


Oqıǵalar

«Волшебники театра кукол» шеберлік сабағы

Театрдың мерейтойлық жылында қаланың кітапханалары, мұражайлары және мектептерімен бірлескен іс-шаралар жоспарланған. Осындай іс – шара Балалар шығармашылығы мектебінде өтті. Театр әртістері Корниенко Ирина мен Латыпова Варвара қызықты шеберлік сабағын өткізді.                        
Қуыршақтар мен қуыршақ театры әртісі мамандығы туралы көптеген қызықты мағлұматтар айтып, қуыршақтарды басқару тәсілдерімен балаларды таныстырды және басқа кейіпкерге ауысу шеберлігін іс жүзінде көрсетті. Балалар болып жатқанды мұқият тамашалап, әртістердің жұмысымен танысты. Өздерін актер рөлінде сынап көруге мүмкіндік пайда болған кезде, тілек білдірушілер саны көп болды. Балалар қуыршақты қимылға келтіріп, оларды дыбыстай отырып, импровизация жасады. Кездесу көңілді билермен және фотосессиямен аяқталды.
  
  
  
  

Ақпараттық серіктестер