Oqıǵalar

Қуыршақ театрында – мерейтой

 А.ж. 16 наурызында облыстық қуыршақ театрында театрдың құрылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс – шара өтті.
                                                                                                                                                          
 Театр ұжымын ерекше күнмен құттықтауға Мәдениет басқармасының басшысы Е. Б. Қалмақов, театрдың бірінші басшылары: Ю. Н. Бондаренко, Л.С. Шестакова, театрдың әлеуметтік серіктестері мен достары келді.
 Мерейтой кешінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Театрдың алғашқы қалыптасу кезеңінде қызмет істеген жоғары санатты әртіс Ирина Корниенкоға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет марапаттары – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай медаль берілді. Осындай жоғары марапатқа – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне жоғары санатты әртіс Варвара Латыпова ие болды. Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен  шебер – декоратор Любовь Липинская наградталды. Облыстың мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін театрдың басқа да қызметкерлері назардан тыс қалған жоқ. Олар Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Мәдениет басқармасының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Театр ұжымы осындай ерекше күні тамаша құттықтаулар мен ізгі тілектерді үлкен ризашылықпен және қуанышпен қабыл алды.
 Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін барлық қонақтар А.С. Пушкиннің повесі негізінде режиссер А. Зайцев қойған «Пиковая дама» спектаклін тамашалады.
  
  
  
  

Ақпараттық серіктестер