Oqıǵalar

III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі

  Театр ұжымы Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалінен оралды. Бұл фестиваль 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл ол 25-29 маусым аралығында Астана қаласында 3-ші рет өтті.                                                                                                                                                                       
  Оған Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстаннан 13 шығармашылық ұжым қатысты. Қостанай қуыршақ театры көрермендерге Х. Юрковскийдің пьесасы бойынша «Сен, мен және қуыршақшы» спектаклін ұсынып, «Үздік музыкалық өндеу» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Спектакльді музыкамен өндеген  композитор – театрдың музыкалық бөлімінің меңгерушісі Андрей Коротченко. Сонымен қатар, театр басшысы М. Нұрмұхамбетов фестивальге қатысушы театрлардың басшыларымен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Меморандумдар бекітті.  Фестивальге бару театр ұжымы үшін өте жемісті және есте қаларлық болды.

  
  

Ақпараттық серіктестер