Oqıǵalar

«Puppetland-Digital» І халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі

Ағымдағы жылдың 13-18 қазан аралығында Шымкент қаласында «Puppetland-Digital» І халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтті. Фестиваль афишасында қазақстандық және шетелдік қуыршақ театрларының үздік қойылымдары ұсынылды. Көрермендер әр елден келген 20 шығармашылық ұжымның қойылымдарын тамашалап, осы халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысты. Қостанай облыстық қуыршақ театры фестивальде С.Ақсақовтың ертегісі негізінде қойылған режиссер Н. Белоусованың «Аленький цветочек» спектаклін ұсынды.  Спектакльді театр өнерінің жас білгірлері де, фестиваль қонақтары да жылы қабылдады. Театр әртістерінің еңбегі де жоғары бағаланды. Театр актрисасы Ольга Коротченко театр сыншыларының ерекше бағасын алып, «Үздік актриса» номинациясының лауреаты атанды. Ол фестиваль дипломымен және 500000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды.
 
Изображение новостиИзображение новостиИзображение новостиИзображение новостиИзображение новостиИзображение новостиИзображение новости

Ақпараттық серіктестер