Oqıǵalar

Театр ұжымымен есептік кездесу

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында театрда 2023 жылдың жұмыс қорытындысы және 2024 жылға арналған жоспарды талқылау бойынша театр ұжымының Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Б.Атамұратовпен есептік кездесуі өтті. Жиынға Мәдениет басқармасы басшысының орынбасарлары Ж. Сексенбаев,
Г. Төлеубаева, әкімшілік бөлімінің басшысы Г. Кенжегарина және бас маманы Р. Олжабаева қатысты. 
Іс-шара барысында есепті кезеңдегі театрдың қызметі туралы театр басшысы М. Нұрмұхамбетовтың баяндамасы тыңдалып, жұмыстағы жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды және ағымдағы жылда жоспарланған маңызды жобалар қарастырылды. Театр қызметкерлері кеңеске белсенді қатысып, оларды толғандыратын сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді шешу бойынша өз идеяларын ұсынды.
 
Изображение новостиИзображение новостиИзображение новостиИзображение новости

Ақпараттық серіктестер