Spektaklder

БЕРЕГИСЬ АВТОМОБИЛЯ!

Авторы: М. Непряхин

«Берегись автомобиля» - балаларға арналған интерактивті ертегі. Біздің спектакль көрерменмен тікелей қарым-қатынасты, олардың іс-әрекетке белсенді қатысуын көздейді. Балалар Колобоктың және оның достары – Қасқыр, Түлкі, Қоянның жаңа оқиғаларын көреді. Колобокпен болатын оқиғалар көңілді, бірақ өте қауіпті. Осы көңілді және тағылымды оқиғадан балалар жол ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екенін біледі.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін спектакль (5+).

Спектакльдің ұзақтығы - 40 минут, үзіліссіз өтеді.

Ақпараттық серіктестер