Oqıǵalar

«Моя ёлка лучше всех» челленджіне қатысушыларға сыйлықтар табыстау.

Жаңа жылдық шырша – біздің үй мен пәтерімізде ерекше орын алатын жаңа жылдың символы. Көптеген адамдар үшін шыршаны орнату және безендіру нағыз рәсімге айналған.                                                                                                                                                                                            
Біздің қымбатты көрермендеріміздің мерекелік көңіл-күйін көтеру үшін желтоқсан айында облыстық қуыршақ театрында «Моя ёлка лучше всех!» атты жаңа жылдық челлендж ұйымдастырылды, балалар өздерінің әдемі, ерекше безендірілген жасыл сұлуларын  көрсете отырып, белсенді қатысты. № 14 мектептің балалары жеңімпаз атанып, ерекше естелік сыйлықтармен марапатталды: жыл символы – бұқа түріндегі қолғап қуыршағымен, шар және магнитпен, сондай-ақ біздің спектакльдерімізге шақыру билеттеріне ие болды. Челлендждің басқа да белсенді қатысушылары, № 4 мектеп пен «Отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылы» КММ балалары да назардан тыс қалған жоқ. Қуыршақ театры «Барс» ерікті іздестіру - құтқару жасағымен бірлесе отырып, оларға тәттілер салынған сыйлық дорбашаларын табыстады. Акция барлығына жағымды эмоциялар мен жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
 

Ақпараттық серіктестер