Festival
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
«Kostanay Puppet life»
«Kostanay Puppet life»
Құрметті әріптестер мен достар! Құрметті көрермендер!
Қостанай облыстық қуыршақ театры Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің кәсіби қуыршақ театрларын40-жылдық мерейтойымызға арналған «Kostanay Puppet life» халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне қатысуға шақырады. Фестиваль Қостанай қаласында 2025 жылдың 17-20 қыркүйек аралығында өтеді.
Байланыс телефондары: +7 (7142) 53-64-03; +7 (7142) 90-10-77; +7 (7142) 39-16-97
E-mail: teatrkukolkst@mail.kz
Құрметті көрермендер!
«Kostanay Puppet Life - 2025» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің ұйымдастыру комитеті қатысушыларды іріктеуді аяқтап, фестивальдің ресми байқаулық бағдарламасын бекітті. Аталған мәдени шараға Қытай, Ресей, Иран, Перу, Өзбекстан мемлекеттерінен, сондай-ақ Қазақстанның түрлі қалаларынан — Астана, Ақтау, Қызылорда және Жезқазғаннан театр ұжымдары қатысады. Фестиваль 2025 жылдың 17–20 қыркүйек аралығында өтеді.
Фестиваль қойылымдары Қостанай облыстық қуыршақ театры мен І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының сахналарында ұсынылады.
Фестиваль спектакльдеріне билеттерді Қостанай облыстық қуыршақ театрының кассасынан немесе «ТИКЕТОН» онлайн-порталынан сатып алуға болады.