Spektaklder

Невозможное возможно

Авторы: Ю. Семенова

«Невозможное возможно» спектаклі – бұл таңғажайып ертегі, онда Аяз Атаны керемет шытырман оқиғалар, күтпеген тосынсыйлар, жердегі және көктегі,  су астындағы тұрғындармен танысу күтеді.
Көптеген музыка, қызықты ертегі кейіпкерлері және нағыз жаңа жылдық ғажайыптар болады. Шынында да, жаңа жылдық ертегіде мүмкін емес нәрсенің барлығы мүмкін.
 
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған қойылым  (3+).
Ұзақтығы 35 минут, үзіліссіз өтеді.

 

Аленький цветочек

Авторы: С. Аксаков

«Аленький цветочек» – жақсылық пен жамандық туралы, махаббат пен мейірімділік таңғаларлық ғажайыптар жасап, кез-келген қиыншылықты, тіпті ең жаман сиқырды жеңе алатындығы туралы керемет оқиға.
Жас қыз әкесін өлімнен құтқару үшін қауіпті сапарға аттанады. Ол оны белгісіз Құбыжық патшалығында не күтіп тұрғанын білмейді. Тек ашық жүрек пен шексіз мейірімділіктің арқасында ол барлық қиындықтарды жеңіп, өз бақытын табады. Әдемі декорациялар, қызықты қуыршақтар, тамаша музыкалық сүйемелдеу керемет ертегі атмосферасын жасайды, спектакль  балаларға да, ересектерге де ұнайтыны сөзсіз.
 
Бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған қойылым (6+).
Спектакльдің ұзақтығы 55 минут, үзіліспен өтеді.

 

ЭКОПАТРУЛЬ

Авторы: Ю. Семенова

«ЭКОПАТРУЛЬ» – бұл зұлым Қоқыспен күресу үшін бірігіп, экологиялық патруль командасын құрған: қала, су және орман – үш қамқоршысы туралы тақырыптық ертегі. Экопатруль Қоқыс деп аталатын күшті және қуатты әзірейілмен күресте жеңіске жете ме? Бұл қызықты оқиғаның немен аяқталатынын сіз тағылымды ертегіні көру арқылы білесіздер. Қойылым балаларды табиғатқа қамқорлықпен қарауға және қоршаған әлемді қорғауға үйретеді, оларға табиғаттағы барлық нәрсе бір-бірімен байланысты екенін және біздің ортақ үйіміз – Жер планетасын сақтай алатынымыз біздің іс-әрекетімізге байланысты екенін түсінуге көмектеседі. Қызықты сюжет, ерекше қуыршақтар, жанды орындау балалардың көңілінен шығатыны сөзсіз.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін спектакль (4+).
Спектакльдің ұзақтығы  40 минут, үзіліспен өтеді.

Предложение

Авторы: А.П.Чехов

«Предложение» спектаклі – бір актідегі көңілді комедия. 
Жер иесі Степан Степанович Чубуковтың қызы Натальяға үйлену туралы ұсыныспен көрші – жер иесі Иван Васильевич Ломов келеді.
Осы кезде ең қызығы басталады: оқиғалардың барысы мүлдем басқа бағытта кетеді, жастар арасындағы қарапайым әңгіме қызу мүліктік дауға айналады, ешкім де өз сөзінен қайтқысы келмейді. Мұның бәрі немен аяқталады?
Сіз бұл күлкілі оқиғаны қарап білесіз.
Ерекше қойылым, эмоционалды күтпеген әрекеттер, күлкілі кейіпкерлер, жақсы әзіл сіздің көңіл – күйіңізді көтеріп, ғасырлар бойы ескірмейтін және өзекті болып табылатын классиканы оқуға қызығушылығыңызды арттырады.

Жоғары мектеп жасындағы балалар мен ересектерге арналған спектакль (14+).
Спектакльдің ұзақтығы 50 минут, үзіліссіз өтеді.

Гусёнок

Авторы: Н. Гернет

«Гусенок» – балаларға арналған интерактивті қойылым. Тартымды сюжет, жарқын, мәнерлі қуыршақтар және актёрлермен жанды қарым – қатынас жас көрермендерді жалықтырмайды. Олар Аленка мен кірпіге мазасыз және тентек қаз Тимошаны айлакер түлкіден құтқаруға көмектесіп, спектакльдің белсенді қатысушы болатынын байқамайды. Бұл көңілді оқиға балаларды бір – біріне көмектесуге және қиындықтардан қорықпауға үйретеді. Тапқырлық, бірлік пен достықтың көмегімен барлық кедергілерді жеңіп, қиындықтардан аулақ болуға болады.

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған интерактивті қойылым (3+)
Спектакльдің ұзақтығы – 45 минут.

Новогодний сюрприз

Авторы: Ю.Семенова

Ең әдемі және барлығымыздың сүйікті мерекеміз – Жаңа жыл жақындап келеді. Бұл бәрі асыға күтетін сиқырлық пен ертегінің салтанаты. Мереке күндері әр бала сыйлық пен жаңа жылдық ғажайыптар күтіп, жаңа жылдық ертеңгілікке баруды армандайды. «Новогодний сюрприз» спектаклі – қызықты ертегі кейіпкерлері, әсем шырша, қызықты музыкалық нөмірлер, көңілді ойындар және, әрине, Аяз Ата мен Ақшақар бар жарқын ойын – сауық қойылымы.
Күлкілі кейіпкерлер мен қызықты оқиға балаларға керемет жағымды эмоциялар сыйлайды.

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған интерактивті қойылым.
Спектакльдің ұзақтығы 50 мин
.

Пиковая дама

Авторы: А.Пушкин

«Пиковая дама» спектаклі А.С. Пушкиннің ең жұмбақ әңгімелерінің біріне негізделіп, қойылған. Бұл шығарманың сюжеті мектеп кезінен барлығына белгілі. Бірақ, жаңа интерпретация ерекше және қызықты. Жаңа қойылымда айрықша сценография, ерекше кейіпкерлер, сәнді костюмдер, бейнелі маскалар және болжап болмайтын қосымшалар, барлығы таң қалдырады. Спектакльде қуыршақтардың алуан түрлері: планшеттік, қамыс, қозғалмалы және  көлеңкелі театр қуыршақтары қолданылды. Жарқыраған және ашылатын терезелері бар күрделі, көлемді декорациялар, күңгірт жарық, жақсы таңдалған музыка сахнада болып жатқан оқиғалардың әсерін күшейтеді. Мистика мен шынайы әрекеттер ішкі дүниеге еніп, ой салады. Жылдам пайдаға ұмтылу, әл-ауқатқа оңай жол, ашкөздік неге әкелуі мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын спектакльді көру арқылы аласыз. Шығармада қозғалған тақырып қазіргі уақытта да өте өзекті.

Жоғары сынып оқушылары мен ересектерге арналған спектакль (14+)
Спектакльдің ұзақтығы 50 мин.

Праздник для всех

Авторы: Ю. Семенова

«Праздник для всех» - бұл қызықты нөмірлері, күтпеген кейіпкерлері мен әсем қуыршақтары бар жарқын музыкалық қойылым. Театрдың мерейтойы. Мерейтой иесін құттықтауға түрлі елдерден достары келді. Олар қандай тосынсый дайындады, қалай құттықтайды осы ерекше театрландырылған концертке келіп, тамашалай аласыз. Нөмірлердің өзіндік ерекшелігі, сәндік дизайны және сахнаға жарқын қуыршақтардың шығуы мерекелік көңіл-күй сыйлап, концертке ерекше тартымдылық береді.

5 жастан асқан балаларға арналған музыкалық қойылым.
Ұзақтығы 50 мин, үзіліспен.

СТАРИК И МОРЕ

Авторы: Э. Хемингуэй

«Старик и море» спектаклі Эрнест Хемингуэйдің повесі негізінде қойылды, ол үшін автор Пулитцер сыйлығымен және әдебиет бойынша Нобель сыйлығымен марапатталды. "Старик и море» - қуыршақ театрының қойылымы, спектакльде режиссер көркем безендіру, музыкалық сүйемелдеу және планшеттік қуыршақтар: қарт Сантьяго мен бала Маноло арқылы күн сайын өмір үшін күрес жүргізетін және сонымен бірге қоршаған әлеммен үйлесім мен келісімде өмір сүруге ұмтылған адамның қиын жолының барлық ауыртпалығы мен драмасын жеткізуге тырысады. Әртістің жан дүниесінің барлық энергиясы шоғырланған қуыршақтардың көмегімен адамның ішкі күші мен оның кішіпейілділігі, аяусыз тағдырға қарсы тұрудағы батылдығы мен жалғыздығы, екі түрлі ұрпақтың өзара түсіністігі мен үлкен достығы бейнеленген.
«Старик и море» спектаклі ешкімді бей-жай қалдырмайды, жүректі сыздататын бұл оқиға жүрекке жетіп қана қоймай, көп нәрсе жөнінде ойландырады. Әр көрермен жаңалық ашып, өмірдің баға жетпес сабақтарын алады.

Жоғары сынып оқушылары мен ересектерге арналған спектакль (16+)

Спектакльдің ұзақтығы 1с. 20 мин, үзіліссіз өтеді.

ПУТЕШЕСТВИЕ С КРАСНОЙ ШАПОЧКОЙ

Авторы: Ю. Семенова

Красная Шапочка - әлемдегі ең танымал ертегілердің бірі. Путешествие с Красной Шапочкой - бұл жаңа және ерекше интерпретациядағы танымал ертегі, мұнда көрермендерді әзіл, ән және актерлермен қызықты диалог күтеді. Қызыл телпектегі қыздың қарапайым оқиғасы шын мәнінде, терең мағыналы, нақты тұжырымдары мен ғибраты бар ертегі. Ғибрат тілазар балаларға ескерту ретінде енгізіледі:

- Бейтаныс адамдармен сөйлесуге болмайды.

- Белгіленген жолдан шығуға болмайды.

- Есіктің артында кім тұрғаның білмесең, оны ашуға болмайды.

Алайда Красная Шапочка анасының барлық нұсқауларын ұмытып, қиындықтарға тап болады. Ертегінің соңында оны зұлым және айлакер қасқыр жеп қояды. Бірақ қайғылы соңы мейірімдіге айналып, онда батыл аңшы Красная Шапочка мен әжесін құтқарады. Ертегінің соңы жақсы аяқталып, ізгі тілектер мен қоштасу сөздерімен бітеді. Бұрыннан белгілі шындықтарға жаңаша көзқараспен қарап, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.

123

Ақпараттық серіктестер