Spektaklder

«Обратите внимание»

Авторы: Н. Жуламанова
       «Обратите внимание» («Назар аударыңыз») – үйдегі қарапайым заттардың күтпеген қауіпке айналуы туралы ғажайыпқа толы ертегі-ескерту. Газ плитасы, теледидар, микротолқынды пеш және басқа да тұрмыстық заттарға жан бітіп, азғырушы әрі арандатушы кейіпкерлерге айналады. Әр көрініс – бір сынақ: газ плита бұзақылыққа итермелейді, теледидар тылсым ойынға тартады, ал терезе бейтаныс әлемге жол ашады. Бірақ бұл ойындардың соңы қайда апарады екен?
        Ертегі тек қауіпсіздік ережелері жайлы ғана емес, сонымен бірге қамқорлық пен жауапкершілік туралы да сыр шертеді.
     Жан біткен кейіпкерлер, сиқырмен баурайтын оқиғалар және ойын түрінде өрбитін қойылым – балалар үшін қызықты әрі түсінікті. Кішкентай көрермендер сақтық пен абай болудың маңызын ұғынып, қауіпсіздік сабақтарын оңай қабылдайды, ал ересектер үйдегі ең қарапайым заттардың өзі сақтық пен қамқорлықты қажет ететінін қайта түсінеді.

Отбасымен тамашалауға арналған қойылым.
Спектакльдің ұзақтығы 40 минут, үзіліссіз өтеді.

 

Ақпараттық серіктестер