Spektaklder

ВОЛК, КОЗА И КОЗЛЯТА

Авторы: Я. Грабовский, Ю. Семенова

Ересектер де, балалар да «Волк и семеро козлят» орыс халық ертегісін жақсы біледі, онда аш және зұлым қасқыр орманда тамақ іздеп жүреді. Осы танымал сюжеттің негізінде Ю. Семенова қуыршақ театры үшін ертегі қойылымын дайындады. Бұл қойылымда жалғыз Қасқыр бақытты, жайлылық пен жылулықты іздеп күзгі орманды шарлап жүреді. Ол тату отбасы туралы армандайды.

Кішкентайлар үшін көптеген қойылымдар сияқты, бұл қойылым да интерактивті.

Қарапайым сюжет, жақсы әзіл, әндер мен билер, жақсылықтың зұлымдықты жеңуі ешкімді бей-жай қалдырмайды.

2 көріністегі музыкалық қойылым.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін спектакль (3+).

Спектакльдің ұзақтығы - 50 минут, үзіліспен өтеді.

ПЕСНЮ ПОЙ, МОЯ ДОМБРА

Авторы: А.Карасай

 Айдар есімді ержүрек және мейірімді бала туралы танымдық ертегі. Ол аяғына дейін баруға күш тапты және қасқырлардың иесі, түннің қожайыны Бүріханды жеңе алды. Айдар әжесі Зереге берген уәдесін орындайды, ол домбыраға дауысын қайтарады. Ертегі балаларды достық пен адалдыққа, сонымен қатар үлкендердің білімін сақтап, арттыруға, өз халқының салт-дәстүрлерін ұмытпауға үйретеді.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған спектакль(5+).

Спектакльдің ұзақтығы - 50 минут, үзіліспен өтеді.

ЗОЛОТОЙ ЦЫПЛЕНОК

Авторы: В.Орлов

Бұл оқиғаның сюжеті қарапайым. Қасқыр мен Түлкі Ряба тауығы салған алтын жұмыртқаны ұрлайды. Алтын жұмыртқаларын әкеліп, оларды байытатын өздерінің алтын тауығын шығаруға үміттенеді. Бірақ Балапан ұрыларды өзінің ата-анасындай көріп, қасқырды керемет түрде өзгертіп, оны мейірімді әкеге айналдырады. Ол  Балапанды қу Түлкіден қорғап қана қоймай, оның анасы болуға тырысады. Әркімде, тіпті жыртқыш аң болса да, мейірімділік пен жанашырлық көп екен. Көңілді және әсерлі қойылым балаларды және олардың ата-аналарын баурап алады, барлығы сиқырлы өзгерістерге шын жүректен қуанады.

Спектакльді 3 жастан бастап балалар тамашалай алады (3+).

2 көріністегі керемет музыкалық ертегі.

Спектакльдің ұзақтығы - 45 минут, үзіліспен өтеді.

ЯСТРЕБОК

Авторлары: Ирина мен Ян Златопольскийлер

Қойылым - әкесі ұлына майданнан жазған хатында айтқан ертегі. Неміс аэродромының координаттарын Кеңес қолбасшылығына беру үшін майданнан шығысқа қарай ұшатын қағаз ұшақ туралы ертегі. Ертегі кішкентай көрермендерге Ұлы Отан соғысындағы ауыр шайқастарда Жеңіске жету оңай болмағанын сезінуге көмектеседі. Отанды азат ету үшін соғыс жауынгерлері ең қымбатты - өмірлерін аямады.

2 актідегі батырлық – романтикалық пьеса.

Мектеп жасындағы балаларға арналған спектакль (6+).

Спектакльдің ұзақтығы - 50 минут, үзіліссіз өтеді.

НЕПОСЕДЫ

Авторы: М.Поливанова

Тентек және ұшқалақ кішкентай аюлар Топ пен Топочка жазда ауылға атасы мен әжесіне қонаққа келеді. Бірде олар үйде жалғыз қалады. Оларға не болды, не білді, кіммен танысты, осы уақытты қалай өткізді, сіз спектакльді көру арқылы білесіз. Қойылым қарапайым ережелерді, тілалғыштық пен мейірімділікті балаларға ойын түрінде үйретеді.

Қойылым 3 жастан бастап, ең кішкентай балаларға арналған (3+).

Қойылымның ұзақтығы 45 минут, үзіліспен өтеді.

ТЫ, Я И КУКОЛЬНИК

Авторы: Х. Юрковский

«Ты, я  и кукольник» спектаклі - Полоска мен Крапинка қуыршақтары қалай достасқаны, содан кейін бір-біріне кім жақсы әрі мықты екенін дәлелдеп, төбелескені туралы оқиға. Тек жақсы дос және мұғалім Кукольник балаларға үстіндегі костюмнің дақпен немесе жолақпен болуы маңызды еместігін түсінуге көмектеседі. Өмірде бірін-бірі түсініп, қасыңдағыларға жамандық жасамау өте маңызды, себебі кейін өзіңе қиын болуы мүмкін. Егер әрқайсымыз осы қарапайым шындықты түсінсек, онда ғаламшардағы барлық адамдар үшін өмір мейірімді әрі әдемі болады.   

Ең кішкентай көрермендерге арналған тағылымды оқиға (3+)                                                

Қойылым отбасылық аудиторияға бағытталған.                                                                     

Спектакльдің ұзақтығы - 30 минут, үзіліссіз өтеді.

ТРИ ПОРОСЕНКА

Авторы: С.  Михалков

Барлығы С.Михалковтың ертегісін біледі, бірақ бізде ол басқаша. Сұр зұлым қасқыр бар. Бірақ алаңдамаңыз. Біз қасқырды аулау үшін екі атақты аңшыны шақырдық. Спектакльге келіңіз, сіз үш шапшаң торайдың қызықты оқиғаларын, үй салғанын, қасқырдан қашып құтылғанын және торайлар ақымақ қасқырды қалай аулап, ұстап алғанын көресіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірге әрекет етсеңіз, көп нәрсе қолдан келеді. Қарапайым бұл қорытынды әр бала үшін өзіндік жаңалыққа айналады.

4 жастан асқан балаларға арналған көңілді музыкалық қойылым (4+).

Спектакльдің ұзақтығы 40 минут, үзіліспен өтеді.

123

Ақпараттық серіктестер