Spektaklder

ПУТЕШЕСТВИЕ С КРАСНОЙ ШАПОЧКОЙ

Авторы: Ю. Семенова

Красная Шапочка - әлемдегі ең танымал ертегілердің бірі. Путешествие с Красной Шапочкой - бұл жаңа және ерекше интерпретациядағы танымал ертегі, мұнда көрермендерді әзіл, ән және актерлермен қызықты диалог күтеді. Қызыл телпектегі қыздың қарапайым оқиғасы шын мәнінде, терең мағыналы, нақты тұжырымдары мен ғибраты бар ертегі. Ғибрат тілазар балаларға ескерту ретінде енгізіледі:

- Бейтаныс адамдармен сөйлесуге болмайды.

- Белгіленген жолдан шығуға болмайды.

- Есіктің артында кім тұрғаның білмесең, оны ашуға болмайды.

Алайда Красная Шапочка анасының барлық нұсқауларын ұмытып, қиындықтарға тап болады. Ертегінің соңында оны зұлым және айлакер қасқыр жеп қояды. Бірақ қайғылы соңы мейірімдіге айналып, онда батыл аңшы Красная Шапочка мен әжесін құтқарады. Ертегінің соңы жақсы аяқталып, ізгі тілектер мен қоштасу сөздерімен бітеді. Бұрыннан белгілі шындықтарға жаңаша көзқараспен қарап, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған интерактивті қойылым (5+)

Спектакльдің ұзақтығы - 40 минут, үзіліспен өтеді.

Ақпараттық серіктестер