Oqıǵalar

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Кеше, 26 мамырда, Е. Өмірзақов атындығы Қостанай облыстық филармониясында мәдениет және өнер саласының дамуына зор үлес қосқан қызметкерлер марапатталды.                                                                          
Филармония фойесінде мәдениет ұйымдары өздерінің қызықты арт – жобаларын ұсынды. Кейін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелігісі театрымыздың труппа
меңгерушісі Галина Степановна Невероваға табыс етілді. Театр ұжымы Неверова Галинаны шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ және керемет шығармашылық жылдар мен жаңа кәсіби жеңістер тілейді!

Ақпараттық серіктестер