Ерекше жерде қызықты кездесу. | КГКП "Областной кукольный театр" управления культуры акимата Костанайской области
                                


Oqıǵalar

Ерекше жерде қызықты кездесу.

04 маусым күні Мәдениет басқармасының аумағында «Мәдени аула» атты ерекше жоба іске қосылды. Жоба аясында қызықты адамдармен кездесулер, мұражайлық және шығармашылық сабақтар, викториналар, шеберлік сыныптары, ойын бағдарламалары өткізіледі және күн сайын «LiveMaster» шеберлер жәрмеңкесі мен буккроссинг өтеді. Әр жұма сайын тілек білдірушілер Облыстық қуыршақ театры өткізетін ойын бағдарламасына қатысып, өздерін актер рөлінде сынап көре алады. Бүгін «Мәдени аулада» қала тұрғындары «Наша репка» спектаклінің қойылымына қатысып, қуыршақ театрының актерлеріне айналды. Басты қызығы, спектакльдегі барлық рөлдерді аула қонақтары орындады. Ертегі кейіпкерлеріне айналудан қуаныш пен эмоциялық қанағат алып, ойын ертегі әлеміне енуге мүмкіндік берді.
   
   
   

Ақпараттық серіктестер