Oqıǵalar

Театр қызу дайындық үстінде...

2021 жылы Облыстық қуыршақ театры өзінің 35 жылдығын атап өтеді!                                                                                                                            
  Мерейтойлық жылда атаулы күнге арналған көптеген іс-шаралар жоспарланған болатын, олардың көпшілігі сәтті жүзеге асырылды. Бірақ, тосын сыйлар аяқталған жоқ, әртістер сүйікті көрермендері үшін көптеген қызықтар жасауда. Театр маусымы әлі ашылмағанымен, ұйымда жұмыс қызу жүріп жатыр. Театр тарихында қалатын 35 жылдық мерейтойға арналған үлкен концертке барлық ұжым белсенді дайындық үстінде. Бұл костюмдерді тігу, қуыршақтарды, декорацияларды, бутафория мен реквизит заттарын жасау және көптеген репетиция өткізу. Сахнада қуыршақпен жұмыс істеу өте күрделі және көп уақыт қажет ететін процесс. Қуыршақтың адамдарды күлдіріп және жылатып, қуантып немесе мұңайтып, ғажайыптар жасауы үшін үлкен жұмыс қажет. Театр актерлері мереке күні достар арасында жаңа кездесуді асыға күтуде.
               
               
               
             
                     

Ақпараттық серіктестер