Oqıǵalar

Театр маусымының ашылуы!

Ү.ж. 25 қыркүйегінде облыстық қуыршақ театрында жаңа театр маусымы ашылды. Мерекелік шара екі маңызды оқиғаға: ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына және театрдың 35 жылдығына арналды.                                                    
  Көрермендер «Праздник для всех» атты ерекше музыкалық қойылымды тамашалады. Балалар мен олардың ата - аналарына қызықты театрландырылған концерт өте ұнады. Кішкентай көрермендер мәз болып, әр нөмірден кейін шапалақтарын аямай, әртістердің өнеріне тәнті болды.  Театрдан жақсы көңіл - күйде, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алып, алғыстарын білдірді. Премьера жарқын және есте қаларлықтай өтті.
  
  

Ақпараттық серіктестер