Oqıǵalar

Сахна сыртындағы әлемге саяхат.

   «Kazakh Tourism ҰК» акционерлік қоғамының «Жанды сабақтар» пилоттық жобасы аясында оқушылар үшін ең тартымды формат – мектептен тыс экскурсиялық сабақтар өткізіп, оның барысында мектеп бағдарламаларын визуализациялауды жүзеге асыру таңдалды.                                   
   Бұл жоба бірнеше қалада сәтті іске қосылды. Қостанай облысында Best kz экскурсиялық бюросы облыстық қуыршақ театрымен бірлесіп, сахна сыртына саяхаттарды және қуыршақтар жасау бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.
Ү.ж. 11 қазанында қуыршақ театрына алғашқы сапар болды. 6-сынып оқушыларына арналған көркем еңбек бойынша экскурсиялық сабақтың тақырыбы «Қуыршаққа жан бітіру үшін» деп аталды. Іс-шараға Қостанай ауданынан оқушылар қатысты. Балалар сабақтан алған білімдерін кеңейтіп, театрмен танысып, қуыршақ театры актері мамандығының қыр – сыры, театр қуыршақтарының түрлері туралы, оларды жасау құрылысы мен технологиясы туралы білді, театрда қолданылатын терминдер мен ұғымдардың мазмұнын ашты. Олар театрдың көркемдік жетекшісінің м.а., экскурсовод Юлия Семенованы үлкен қызығушылықпен тыңдап, қуыршақ жасауға қуана қатысты.
   Кездесу соңында балаларға тапсырма берілді: шеберлік сабақтан алған білім негізінде және театр шеберлері арнайы дайындаған бейнематериалдың көмегімен қуыршақты өз бетінше жасау. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз арнайы сыйлыққа ие болады.
  
  
  

Ақпараттық серіктестер