Oqıǵalar

Дарындылықтың табиғаты шексіз.

Ү.ж. 21 қазанында Нұр - сұлтан қаласында ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет саласындағы ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарының, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар шығармашылық адамдары мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің «Ónerpaz bolsań…» фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Фестивальді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Жалпыреспубликалық жоспарды іске асыру аясында ұйымдастырды. Фестивальге еліміздің 15 өңірінен 124 өтінім келіп түсті. Облыстық қуыршақ театрының әртісі Мағанбетов Арман осы фестивальде облысымызды лайықты таныстырып, «Дарынды актер» номинациясын иеленіп, жеңіске жетті. Жеңімпазымыз Диплом, статуэтка және 500 000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Арман дарынды актер ғана емес, сонымен қатар керемет спортшы. Ол пара шаңғы жарысы бойынша Қостанай облысының паралимпиадалық құрамасының  мүшесі. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарынды адам барлық жағынан да дарынды деп бекер айтпаған.

  
  
  

Ақпараттық серіктестер