Oqıǵalar

Қуыршақ театры Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтті.

   Қуыршақ театры мен № 7 «Строительный»  кітапхана – филиалы бірлесіп,  «Ыбырай Алтынсарин  – тұңғыш қазақ педагогы» тақырыбында 180 жыл толуына орай кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен шығармашылық кездесу өткізді. Кітапхана қызметкерлері ұлы ағартушының өмірбаянынан маңызды фактілерге арналған көрме және балаларды біздің облыстың тарихи – мәдени мұра объектілерімен таныстыратын «Кіші Отанның киелі географиясы» бейнефильмін дайындады. Театр актрисасы Юлия Семенова Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» және «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» әңгімелерін қуыршақ арқылы жандандырып, актерлік шеберлік сабағын өткізді. Балалар сахналық ойынға белсенді қатысып, әңгіме кейіпкерлерінің рөлін тамаша импровизациялады. Ы.Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Олар балалардың бойында патриотизм сезімін тәрбиелейді, еңбексүйгіштікке, жақсылыққа, адал және әділ болуға үйретеді, балада ең жақсы адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.


  
  

Ақпараттық серіктестер