Oqıǵalar

"Пиковая дама" спектаклінің премьерасы

  Біздің театрымыздың репертуары жоғары сынып оқушылары мен ересектерге арналған тағы бір жарқын спектакльмен толықты. Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында театрда А. С. Пушкиннің повесі бойынша қойылған «Пиковая дама» спектаклінің премьерасы өтті, оны қоюға Алматыдан режиссер Антон Зайцев пен суретші Юлия Чернова шақырылды. Жаңа интерпретация ерекше және қызықты. Жаңа қойылымда айрықша сценография, ерекше кейіпкерлер, сәнді костюмдер, бейнелі маскалар және болжап болмайтын қосымшалар, барлығы таң қалдырады. Спектакльде қуыршақтардың алуан түрлері: планшеттік, қамыс, қозғалмалы және  көлеңкелі театр қуыршақтары қолданылды. Жарқыраған және ашылатын терезелері бар күрделі, көлемді декорациялар, күңгірт жарық, жақсы таңдалған музыка сахнада болып жатқан оқиғалардың әсерін күшейтеді. Мистика мен шынайы әрекеттер ішкі дүниеге еніп, ой салады. Жылдам пайдаға ұмтылу, әл-ауқатқа оңай жол, ашкөздік неге әкелуі мүмкін? Шығармада қозғалған тақырып қазіргі уақытта да өте өзекті. Қойылым сұранысқа ие болып, қостанайлық көрермендерінің ықыласына бөленетіні сөзсіз.

Ақпараттық серіктестер