Oqıǵalar

Меңдіқара ауданына гастрольдік сапар

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Облыстық қуыршақ театры Меңдіқара ауданы Боровское ауылының кішкентай тұрғындарына «Приключения Алдара Косе» спектаклін ұсынды.                                                                                                                                                  
 Алдар Көсе туралы ертегілер – бұл қазақ халқының тұрмыс – салтын, әдет – ғұрпын, дәстүрін бейнелейтін, халықтық даналықты, рухани жомарттықты қамтитын халық ауыз шығармашылығының тамаша үлгісі. Алдар Көсенің қызықты оқиғалары туралы жарқын, музыкалық спектакль жас көрермендерді өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға және ақыл, білім, адал еңбекпен мақсатқа жетуге үйретеді. Спектакль жақсы қабылданып, әртістер өнеріне көптеген алғыс сөздер айтылып, толассыз қошемет көрсітілді. Әртістеріміз көрерменнің ыстық ықыласын, құрметін көріп қанаттанып қалды. Қуыршақ театры шығармашылық ұжымының әрбір келуі кішкентай театр сүйер қауым үшін ұмытылмас оқиға, жарқын әсерлер мен қуанышқа толы мереке.
   
  
  

Ақпараттық серіктестер