Oqıǵalar

Мистика мен сиқырлық кеші

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай облыстық қуыршақ театрында «Мистика мен сиқырлық кеші» атты мәдени іс-шара өткізілді. Фойеде театр қонақтарын сиқыршы Бастинда қарсы алды, оның ертегі қобдишасынан келушілер болжау хаттарын шығарып, болашағына көз жүгіртті.            
  Сондай-ақ, фойеде театр сиқыршысы көпшіліктің көңілін көтеріп, карталармен фокустар көрсетті. Ал көркемдік және конструкторлық цехтардың шеберлері келушілерді қуыршақтарды басқару тәсілдерімен, оларды жасау ерекшеліктерімен, технологиясымен және ертегі реинкарнациясының әртүрлі құпияларымен таныстырды. Репетиция залында түрлі қойылымдардан  декорациялар  қойылып, театрға келушілер шеберлік – сабағына қатысып, театр өнерінің ғажайып құпияларын аша алды. Кеш режиссер А.Зайцевтің «Пиковая дама» спектаклімен аяқталды. Спектакль басталар алдында сәттілік қобдишасының және көрермен көмегімен «бақытты орынның» екі иесі анықталып, оларға театрдан сыйлықтар берілді. Өз мерекесінде театрдың шығармашылық ұжымы аяулы көрермендеріне жақсы көңіл-күй сыйлады.
  
  
  
  

Ақпараттық серіктестер