Oqıǵalar

Қуыршақ театры «Петрушка Великий» фестивалінде

    Облыстық қуыршақ театрының шығармашылық ұжымы ү.ж. 8-12 қыркүйекгі аралығында Екатеринбург қаласында (РФ) өткен «Петрушка Великий» XI Халықаралық фестиваліне қатысты. Фестивальде Ресей, Түркия және Қазақстаннан 14 театр өз өнерін көрсетті.                                                                  
  Қатысуға өтінім берген 150 спектаклдің тек 15-і ғана сахнаға шықты. «Петрушка Великий» фестивалі Ресейден тыс жерде үлкен беделге ие және кең танымал. Ол 2002 жылдан бері өткізіліп келеді және фестиваль жұмыс істеген уақыт ішінде оған әлемнің бес құрлығынан жүзден астам ұжым қатысты. Бұл фестивальге қатысу - үлкен жетістік әрі баға жетпес тәжірибе. Фестиваль бағдарламасына заманауи көрерменнің талғамына, дүниетанымына және қажеттіліктеріне жауап беретін, сонымен қатар спектакль қоюда жаңа технологиялар, қалыптан тыс формалар мен әдістер пайдаланылған спектакльдер енді.   Фестивальдің тақырыбы «Театр кукол: ломая стереотипы» деп аталды. Қостанайлық қуыршақ театры көрермендерге А.Зайцевтің қойған пушкиндік «Пиковая дама» повесінің өз нұсқасын ұсынып, фестиваль қатысушысы дипломын алды.
Фестиваль аясында кәсіби тренингтер, дөңгелек үстелдер, мастер-кластар мен дәрістер ұйымдастырылды, оларды атақты қуыршақ шеберлері мен жетекші театр қайраткерлері өткізді. Фестивальге қатысу әртістер үшін қуыршақ театрларының ерекше мерекесі және өнер салтанаты ретінде есте қалады. Ұжымның алдында 19-24 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында өтетін «Ассалаумағалейкум – VI» VI Халықаралық фестиваліне жаңа сапар бар.


  
  
  

Ақпараттық серіктестер