Oqıǵalar

Қуыршақ театры Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын атап өтті

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде қуыршақ театры №7 «Строительный» кітапхана – филиалымен бірлесіп, ағартушы, лингвист – ғалым, түрколог, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Халықтың рухани ұстазы» атты шығармашылық кеш өткізді.  № 5 «А» мектеп-гимназиясының оқушылары ұлы ақынның өмірбаянынан қызықты деректермен танысып, кітапхана қызметкерлері дайындаған «Ахмет Байтұрсынов – адамдық пен білім диханшысы» атты бейнероликті тамашалап, оның есімімен аталатын көше бойынша виртуалды серуен жасады. Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағына енген И.Крыловтың «Көкек пен әтеш», «Қарға мен түлкі» және «Айна мен маймыл» атты әйгілі мысалдарын сахналаған қуыршақ театры әртістерінің қойылымы балалар үшін үлкен тосын сый болды.
Танымды әрі қызықты кездесудің соңы естелік суретке түсуге ұласты.
  
  
  

Ақпараттық серіктестер