Oqıǵalar

Театр маусымының ашылуы

   Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде қуыршақтар театрында А.П. Чеховтың пьесасы бойынша «Предложение» премьералық спектаклімен 37 - ші театр маусымының ашылуы өтті. Спектакльді режиссёр Юлия Семенова қойды.                                                                                                                        
  Режиссёрдің алдыңғы туындыларынан жаңа қойылымның айырмашылығы  - аздап драмалық әсері бар комедия және ересек көрерменге бағытталған. А.П. Чеховтың кемеңгер туындысының дарынды қойылымы, әртістердің тамаша ойыны, кейіпкерлердің күлкілі сипаты көрермендерді тәнті етті. Кейбіреулер кейіпкерлердің күтпеген әрекеттері мен қылықтарына шын жүректен күлсе, басқалардың жүздері еріксіз күлімсіреді. Әртістердің ынта-жігермен ойнауы керемет болды, әрқайсысы ғажайып ойын көрсетті. Ерекше декорациялар, әртістерді қайталайтын қуыршақтар белгілі бір көңіл-күй тудырып, сахнадағы оқиғаларды айқынырақ ашты.
   Режиссёр Ю. Семенованы және театр ұжымын сәтті премьерамен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, көрермендердің қошеметіне бөленуіне және театр сахнасында қойылған спектакльге ұзақ ғұмыр тілейміз.

  
  
  

Ақпараттық серіктестер