Oqıǵalar

Дарындылықтың табиғаты шексіз.

 Ағымдағы жылдың желтоқсан айында театр әртісі Диас Кенжегарин бірден вокалдық өнердің үш онлайн фестивалінде қаламызды лайықты таныстырып, «Авторская песня» номинациясында жүлделі орындарға ие болды.                                                                                                                   
Санкт-Петербург қаласында өткен «Золотая лира» халықаралық фестиваль-конкурсында Диас ІІ дәрежелі лауреат, Мәскеу қаласында өткен «Ярче звёзд» халықаралық фестиваль-конкурсында ІІІ дәрежелі лауреат атанды, ал Алматы қаласында өткен Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға арналған «Музыка – жаным менің» республикалық байқауында 1-дәрежелі лауреат атағына ие болды. Диас «Дружба» әнін орындады, әннің сөзі мен музыкасының авторы өзі. Сонымен қатар, халықаралық фестиваль-байқаудың ұйымдастыру комитеті мен «Наследие» арт-орталығының басшылығы Диасты жобаны дамытуға қосқан зор үлесі, еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс хаттармен марапаттады. Біз әріптесімізді мақтан тұтамыз және жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, әрқашан өзіне сеніп, алға ұмтылып, жаңа белестерді бағындыруды  және баршамызды ерекше талантымен қуантуды тілейміз! 

  
  

Ақпараттық серіктестер