Oqıǵalar

Білім мен даму – шеберліктің кепілі

   Ағымдағы жылдың 13 ақпанында театрға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, атақты қуыршақ шебері, Астана қаласының М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі және бас режиссері Бекпулат Парманов келді.                                        
   Ол біздің театрда 2014 жылы қойған «Легенда о Белой горе» спектаклін  қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, қуыршақ өнерінің майталманы театрдың шығармашылық ұжымымен қуыршақты қимылға келтіру, сахналық сөйлеу және қимыл-қозғалыс бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. 10 күн ішінде әртістер шеберлік деңгейін көтеріп, кәсіби біліктілігі мен дағдыларды жетілдіріп шыңдайды, жаңа білім мен шабыттандыратын идеяларға ие болады. Мұндай сабақтар ұжымның кәсіби өсуі мен дамуы үшін пайдалы және қажет, шығармашылық даралығы мен әлеуетін ашуға, психологиялық комплекстерді алып тастауға ықпал етіп, шығармалардың сахнада сапалы театрландырылған көрінісіне әсер етеді және аудиториямен дұрыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
  
  
  
 

Ақпараттық серіктестер