Oqıǵalar

Театрдағы жаңа қойылымдар

Театр репертуары балаларға арналған екі жаңа қойылыммен: мемлекеттік тілдегі «Менің досым – жел» спектаклі және орыс тіліндегі «Мой друг – ветер» спектаклімен толықтырылды. Спектакльдерді қазақстандық автор, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Н. Насырованың пьесасы бойынша театрдың режиссері
Ю. Семенова қойды. «Менің досым – жел» қойылымында басты рөлдерді Алматы қаласының Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінен келген жас актерлер: Нұрбек Рамазанов пен Айбек Иманмадин сомдады. Спектакльдің жабық премьералық көрсетілімі ағымдағы жылдың 2 мамырында өтті. Мерекелік іс-шараға құрметті қонақтар, БАҚ өкілдері және кішкентай көрермендер қатысты. Алғашқы көрермендердің пікірлері бойынша спектакль тартымды әрі қызықты болды. Кішкентай тентек Желдің шытырман оқиғалары туралы көңілді, мейірімді, бірақ сонымен бірге тәрбиелік ертегіден балалар адал дос және жақындарына қамқор болу қаншалықты маңызды екенін біледі.








Ақпараттық серіктестер