Oqıǵalar

«Қауіпсіз балалық шақ» профилактикалық акциясы

Ағымдағы жылдың 21 мамырда қуыршақ театры Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп «Қауіпсіз балалық шақ» атты ауқымды ақпараттық-оқыту іс-шарасын өткізді. Кішкентай көрермендер «Истории Пожара Тушилыча» көңілді интерактивті спектакльді тамашалады. Ертегі кейіпкерлерімен бірге өрт қауіпсіздігі ережелерін зерттеп, оттан сақтанудың жолдарын үйреніп, электр құралдарын қауіпсіз пайдалануды және өрт болған жағдайда не істеу керектігін білді. ТЖД қызметкерлері театр алдында арнайы техника көрмесін ұйымдастырып, авариялық-құтқару жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарын көрсетті, қауіпсіздіктің негізгі ережелерін түсіндіріп, өртке қарсы тақырыптағы жадынамаларды таратты. Балалар өрт сөндіру-құтқару техникасы мен жабдықтарын көріп қана қоймай, құтқарушылардың көлігінде отырып, тіпті арнайы киім киіп көрді. Болашақта осы профилактикалық акцияны жалғастыру жоспарлануда, өйткені мұндай іс-шаралар балаларға қауіпсіздіктің маңызды ережелерін тиімді және қызықты түрде үйретуге және пайдалы ақпаратты игеруге көмектеседі.

Ақпараттық серіктестер