Oqıǵalar

«Kostanay Puppet Life – 2025» ашылды!

     Қостанай облыстық қуыршақ театрының жаңа маусымы мерейтойлық — ұжым өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы айтулы оқиғаға орай театрда «Kostanay Puppet life – 2025» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі ұйымдастырылды. 16 қыркүйек күні салтанатты ашылу рәсімі өтіп, фестиваль өз шымылдығын түрді!
Мерекелік шара жергілікті шығармашылық ұжымдардың, сондай-ақ Ресей, Қытай, Түркия, Тәжікстан, Иран, Өзбекстан, Перу және Қазақстаннан келген қатысушылар мен құрметті қонақтардың әсерлі шеруімен басталды. Ашылу салтанаты қатысушыларға шабыт сыйлап, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұмытылмас әрі жарқын  көрініске айналды.

 
 

Ақпараттық серіктестер