Oqıǵalar
«Қуыршақтар, дәстүрлер мен шабыт: Қостанайдағы фестиваль қалай өтті»
16–20 қыркүйек аралығында өткен керемет өнер мерекесі – «Kostanay Puppet Life – 2025» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өз мәресіне жетті Осы күндері біз нағыз ғажайыптардың куәгері болдық: сахнада қуыршақтарға жан бітіп, терең мағыналы тұтас әлемдер көз алдымызға ашылды. Фестиваль жоғары деңгейде өтіп, оның нәтижелері жаңа жобаларға берік іргетас болатынына сеніміміз мол.
Фестивальге Қазақстаннан, Қытайдан, Ираннан, Перуден, Ресейден және Өзбекстаннан кәсіби қуыршақ театрларының ұжымдары қатысты. Фестиваль қойылымдары жанрлық әр алуандығымен, айрықша сценографиясымен, өзіндік көркемдік және театрлық тәсілдерімен ерекшеленді. Олар көрермендер мен қатысушыларға әр елдің қуыршақ өнерінің бай дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді. Қазылар алқасының құрамына белгілі театр қайраткерлері: Анар Еркебай (Қазақстан), Марина Юдже (Түркия), Мухамадулло Таваров (Тәжікстан) енді.
Фестиваль бағдарламасы байқау спектакльдерін тамашалау мен талқылауды ғана емес, сонымен қатар білім беру шараларын да қамтыды. Қатысушылар үшін қуыршақ өнерінің майталманынан шеберлік сабағы өткізіліп, Қостанайдың тарихи-мәдени нысандарына экскурсия ұйымдастырылды. Фестивальдің құрметті қонағы – режиссёр, сценограф, «Tempo» театрының көркемдік жетекшісі, KUKSADER ұйымының (Қуыршақ ойындары, Қарагөз көлеңкелер театры және орындаушылық өнер қауымдастығы) президенті, Билкент университетінің оқытушысы Халюк Юдже (Түркия) қатысушылар мен қонақтарды көлеңке театрының ерекшеліктерімен және қыр-сырымен таныстырды.
Мерейтойлық фестиваль салтанатты қорытындылау рәсімімен аяқталды. Қазылар алқасы бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады:

- «Ең үздік спектакль» – «Nakhnama» театрының «Mathless» қойылымы, режиссёр Gheys Yasaghi (Иран);
- «Ең үздік актёрлік ансамбль» – Маңғыстау облыстық қуыршақ театры «Дастархан» қойылымы, режиссёр Н. Насырова (Қазақстан, Ақтау);
- «Ең үздік режиссёрлік жұмыс» – Ұлытау облысы С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасы «Күй құдіреті» қойылымымен, режиссёр З. Тұрсымұратова (Қазақстан, Жезқазған);
- «Ең үздік қуыршақ жүргізушісі» – «Sky Bird Puppet Group» театры «Қытай дәстүрлері» қойылымы, режиссёр Mr CHEUNG Chun Fai (Қытай);
- «Ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін» – Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық-драма театрының «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ труппасы «Ұр, тоқпақ!» қойылымымен, режиссёр Е. Қабдыл (Қазақстан, Қызылорда);
- «Жаңа көзқарас» номинациясында – «ТОХОТ» театры «Аңдар детективі. Қасқырдың апанында» қойылымы, режиссёр С. Черепанов (Ресей, Челябі).
Жеңімпаздар дипломдармен, мүсіншелермен және ақшалай сертификаттармен, қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
«Kostanay Puppet Life – 2025» фестивалі Қостанай облыстық қуыршақ театры тарихындағы ғана емес, халықаралық қуыршақ қауымдастығы тарихындағы да маңызды белестердің біріне айналары сөзсіз.