Oqıǵalar
Мерейтойлық маусым премьерамен ашылды.
4 қазан күні театр сахнасында «Обратите внимание» спектаклінің премьерасы өтті. Пьесаның авторы әрі режиссері — Н. Жуламанова. Жаңа спектакль — қуыршақ театры мен Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен жобасы. Қойылымда өзекті тақырыптардың бірі — тұрмыстық қауіпсіздік ережелері кеңінен қозғалады. Ертегілік оқиға өрбіген сайын көрермен қарапайым тұрмыстық заттардың күтпеген сәтте қауіп-қатер көзіне айналуы мүмкін екенін түсінеді. Газ плитасы, теледидар, микротолқынды пеш және басқа да тұрмыстық құрылғылар дұрыс пайдаланылмаған жағдайда үлкен қатер туғызуы ықтимал. Қойылымдағы әр көрініс кейіпкерлер үшін жаңа бір сынаққа айналып, көрерменге маңызды сабақ береді.
Жандана түскен заттар, шытырманға толы оқиғалар мен ойынға құрылған көріністер балалардың қызығушылығын оятып, спектакльді тартымды әрі түсінікті етеді. Режиссер қойылымда көркем бейнелер мен заманауи сахналық тілді үйлестіре отырып, тәрбиелік мәні зор біртұтас туынды жасай білді. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының қатысуы аталмыш жобаға ерекше мән берді. Олар спектакльді дайындау барысында ақпараттық-кеңестік көмек көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті және өрт сөндірушілердің арнайы жабдықтарын — дулығалары мен белдіктерін ұсынып, спектакльдің шынайылық әсерін күшейтті.
Премьера театр репертуарындағы маңызды оқиға болып, әр жастағы көрерменді жинады. Олардың ыстық ықыласы мен ұзақ қошеметтері жаңа спектакльдің құндылығы мен өзектілігін айқындады. «Обратите внимание» — отбасымен бірге көруге арналған мазмұнды спектакль. Ол жас көрермендерді қауіпсіздік ережелерін жеңіл әрі қызықты түрде меңгеруге баулыса, ересектерге күнделікті тұрмыста қолданатын заттардың да ұқыптылық пен сақтықты қажет ететінін еске салады.
Бұл — жас режиссердің екінші жұмысы. Оның алғашқы қойылымы — «Д.О.Д.» спектаклі кішкентай көрермендердің сүиіспеншілігіне бөленіп, бірнеше мәрте марапаттарға ие болды: Өскемен қаласында өткен «Осенняя увертюра» V Халықаралық орындаушылық өнер байқауының «Театр жанры» номинациясында Гран-при жүлдесі мен Қарағандыда өткен «Ты – звезда!» V Халықаралық онлайн фестиваль-байқауында «Театр» номинациясында I дәрежелі лауреат атағына ие болды.