Oqıǵalar
Қуыршақ театрының 40 жылдығы – өнерге тағзым, тарихқа құрмет
2026 жылғы 19 ақпанда театрдың 40 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Дәл осы күні, 1986 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Қостанайда қуыршақ театрының ашылуы туралы» №70 Қаулы қабылдап, театр тарихының бастауы қаланған еді.
Ұжымды мерейтойымен құттықтауға құрметті қонақтар — театрдың ардагер қызметкерлері, әр жылдары ұжымды басқарған жетекшілер, Мәдениет басқармасы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді. Қонақтарды ұлттық киім киген арулар, музыканттар және үлкен киілмелі қуыршақтар қарсы алып, ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Іс-шара барысында көрермендерге театрдың соңғы жылдағы жетістіктерінің бірі — baby-театры ұсынылды. Қонақтар бүлдіршіндер театрының репертуарына енген «Маймақ қонжық» спектаклінен үзіндісін тамашалап, жаңа бағыттың ерекшелігімен танысты.
Мерейтой кешінің маңызды сәті — шағын музейдің ашылуы және театрдың қалыптасуы мен дамуына арналған кітаптың тұсаукесері болды. Басылымның арнайы даналары театр қызметкерлеріне және оның тарихына елеулі үлес қосқан тұлғаларға табысталды.
Салтанатты кеш Қазақстан театр сыншылары Ассоциациясы жүргізген «Қазақстан театрлары – 2025» мониторингінің қорытындысы бойынша «Қуыршақ театрының жыл қойылымы» атанған әрі үш халықаралық фестивальдің жеңімпазы болған «MEN…» спектаклінің көрсетілімімен қорытындыланды.
Бұл мерейтой әр буын театр жанкүйерлерін бір арнаға тоғыстырып, қуыршақ театры өнері мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті.