Oqıǵalar
«Көксерек» спектаклінің премьерасы
2026 жылғы 17 наурызда театрда М. Әуезов әңгімесі бойынша қойылған «Көксерек» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылымда тағдырдың жазуымен адамдар арасында өсіп, ауыл тіршілігіне бейімделген бөлтіріктің өмір жолы баяндалады. Иелеріне бауыр баскан Көксерек өзін ит сезінгенімен, дала үні мен туа біткен түйсіктері басым түсіп, оны шынайы болмысына қайта оралтады. Спектакль жабайы табиғат пен адам әлемі арасындағы трагедиялық қақтығысты көрсетіп, еркіндік, адам жауапкершілігі және табиғат заңдарының бұлжымайтындығы туралы терең ойға жетелейді.
Режиссёрдің көркемдік шешімдері шығарманың психологиялық тереңдігін айқын әрі көпқырлы жеткізеді. Актерлер эмоциялық әсері мол бейнелер жасайды, ал сахналық пластика қойылымға ерекше серпін мен көркемдік нақыш береді. Жарық пен дыбыс драмалық әсерді күшейтіп, көрерменнің оқиға атмосферасына толықтай енуіне мүмкіндік береді.
Спектакль премьерасы қазақ әдебиетінің классикалық мұрасы заманауи әрі өзекті бола алатынын, жаңа көркемдік тіл арқылы көрерменнің жүрегіне жол табатынын айқын көрсетті.