Oqıǵalar
«Мой дедушка был вишней» — көрермен жүрегіне жол тапқан қойылым.
12 қыркүйекте Қостанай облыстық қуыршақ театры 41-ші театр маусымын белгілі итальяндық жазушы Анджела Нанеттидің повесі желісімен сахналанған «Мой дедушка был вишней» спектаклінің тұсаукесерімен ашты.
«Мой дедушка был вишней» спектаклі Тонино есімді баланың және оның отбасының тағылымды оқиғасы арқылы адам өміріндегі негізгі құндылықтарды дәріптейді. Қойылымда отбасына деген сүйіспеншілік, қымбат естеліктер, отбасылық дәстүрлер, үлкенге құрмет және ұрпақтар арасындағы үзілмес байланыс секілді маңызды тақырыптар терең қозғалады. Сонымен қатар спектакльде өмірдің өткіншілігі мен жақын жандардан айырылу туралы күрделі мәселелер жас көрерменге жылы жеткізіледі.
Бұл оқиға кез келген жастағы көрермен үшін өзекті. Өйткені әр адам спектакльден өзіне ой салатын тұжырымдар мен өмірлік сабақтарды таба алады. Ең бастысы, қойылым қымбат жандардың қадірін дер кезінде біліп, туған-туыстарымызбен, жақындарымызбен бірге өткізген әрбір сәтті бағалауға жетелейді.
Көрермендер спектакльді жылы қабылдады. Көпшілігі Тониноның оқиғасы өздерін терең толқытқанын және жүректе мәңгі сақталатын ең қымбат жандар мен естеліктерді еске салғанын атап өтті.