Oqıǵalar

Гастрольдер: тәжірибе алмасу және шығармашылық ынтымақтастық

           Қарашаның 13-16 күндері Қостанай облыстық қуыршақ театры мен Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры арасында тәжірибе алмасуға бағытталған гастрольдік сапар өтуде. Гастроль аясында ақтөбелік өнерпаздар Қостанай көрермендеріне «Жол әуендері» және «Музыка дорог» спектакльдерін ұсынды. Ал Ақтөбе қаласының жас көрермендері «Ертегілер сандығы» және «Сундучок со сказками» қойылымдарын тамашалап, қостанайлық әртістердің шығармашылығымен танысты.
           Бұл мәдени бастама Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Полиция департаментінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Мәдениет пен өнерге көрсетілген жанашырлықтың арқасында театр ауқымды жобаны ұйымдастырып, көрермендерге тың қойылымдар ұсынуға мүмкіндік алды. Мұндай шығармашылық кездесулер театр өнерінің дамуына серпін беріп, екі ұжымның тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберліктерін шыңдауына және шығармашылық байланыстарын нығайтуына жол ашады.

 
 
 

Ақпараттық серіктестер