Spektaklder

ТЫ, Я И КУКОЛЬНИК

Авторы: Х. Юрковский

«Ты, я  и кукольник» спектаклі - Полоска мен Крапинка қуыршақтары қалай достасқаны, содан кейін бір-біріне кім жақсы әрі мықты екенін дәлелдеп, төбелескені туралы оқиға. Тек жақсы дос және мұғалім Кукольник балаларға үстіндегі костюмнің дақпен немесе жолақпен болуы маңызды еместігін түсінуге көмектеседі. Өмірде бірін-бірі түсініп, қасыңдағыларға жамандық жасамау өте маңызды, себебі кейін өзіңе қиын болуы мүмкін. Егер әрқайсымыз осы қарапайым шындықты түсінсек, онда ғаламшардағы барлық адамдар үшін өмір мейірімді әрі әдемі болады.   

Ең кішкентай көрермендерге арналған тағылымды оқиға (3+)                                                

Қойылым отбасылық аудиторияға бағытталған.                                                                     

Спектакльдің ұзақтығы - 30 минут, үзіліссіз өтеді.

Ақпараттық серіктестер