Oqıǵalar
«Волшебники театра кукол» шеберлік сабағы
Қуыршақ театрының 35 жылдығына орай және Халықаралық театр күні қарсаңында Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК бірлесіп «Волшебники театра кукол» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Балаларға түрлі спектакльдерден үзінділер көрсетіліп, олар өздерін ертегі кейіпкерлері рөлінде сынап көрді. Актерлер театр қонақтарымен спектакльді қою бойынша жұмыстың құпияларымен бөлісті, қуыршақтардың түрлері, оларды жасау құрылымы мен технологиясы және өз кәсібінің қыр-сыры туралы әңгімеледі. Кездесу қызықты, танымды, жарқын әсерлер мен қуанышқа толы болды!

Біздің театр ұжымының Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Е. Б. Қалмаковпен есептік кездесуі
Бүгін Қостанай облыстық қуыршақ театрында 2020 жылдың жұмыс қорытындысы және 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау бойынша театр ұжымының Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Е.Б. Қалмақовпен есептік кездесуі өтті.

«Моя ёлка лучше всех» челленджіне қатысушыларға сыйлықтар табыстау.
Жаңа жылдық шырша – біздің үй мен пәтерімізде ерекше орын алатын жаңа жылдың символы. Көптеген адамдар үшін шыршаны орнату және безендіру нағыз рәсімге айналған.

Құрметті достар!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен
құттықтаймыз! 16 желтоқсан - еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі.
Дәл осы күні, 1991 жылы, біздің республика әлемдік аренада өз позициясын
нық бекітіп, бірлік пен өркендеудің нышанына айнала отырып, тәуелсіз,
демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Біздің еліміз
өркендеп, бай дәстүрлерімен, мейірімді халқымен, ұлы тарихымен және
үлкен мүмкіндіктерімен танымал болсын.
Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара түсіністік пен келісім
тілейміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болып, еліміздің
ертеңі жарқын, болашағы баянды болсын!

Сауалнама «Рухани жаңғыру»
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» интернет-порталында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру тиімділігі туралы» тақырыбына сауалнама жарияланғанын хабарлайды.

Құрметті достар!
Қостанай облыстық қуыршақ театрының сайтына қош келдіңіз. Сіздермен жаңа кездесу болады деген үмітпен театр әртістері Эрнест Хемингуэйдің «Старик и море» («Шал мен теңіз») повесі бойынша жаңа спектакль дайындады. Спектакльді қою үшін танымал режиссер Дина Жұмабаева және Алматы қаласынан қоюшы – суретші Юлия Чернова шақырылды. Бұл қойылым біздің көрермендеріміз үшін күтпеген жаңалық болады.

ҚҰРМЕТТІ КӨРЕРМЕНДЕР !!
Облыстық қуыршақтар театры өз көрерменін ұмытпайды.