Oqıǵalar

Театр маусымының ашылуы!

25 қыркүйекте облыстық қуыршақ театрында театр маусымының ашылуы өтті. Мерекелік шара екі маңызды оқиғаға: мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына және театрдың 35 жылдығына арналды. Көрермендер «Праздник для всех» атты ерекше музыкалық қойылымды тамашалады. Балалар мен олардың ата - аналарына қызықты театрландырылған концерт өте ұнады. Кішкентай көрермендер мәз болып, әр нөмірден кейін шапалақтарын аямай, әртістердің өнеріне тәнті болды.  Театрдан жақсы көңіл - күйде, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алып, алғыс сөздерін  білдіре кетті! Премьера жарқын және есте қаларлықтай өтті.

Театр қызу дайындық үстінде...

2021 жылы Облыстық қуыршақ театры өзінің 35 жылдығын атап өтеді! Мерейтойлық жылда атаулы күнге арналған көптеген іс-шаралар жоспарланған болатын, олардың көпшілігі сәтті жүзеге асырылды. Бірақ, тосын сыйлар аяқталған жоқ, әртістер сүйікті көрермендері үшін көптеген қызықтар жасауда. Театр маусымы әлі ашылмағанымен, ұйымда жұмыс қызу жүріп жатыр. Театр тарихында қалатын 35 жылдық мерейтойға арналған үлкен концертке барлық ұжым белсенді дайындық үстінде. Бұл костюмдерді тігу, қуыршақтарды, декорацияларды, бутафория мен реквизит заттарын жасау және көптеген репетиция өткізу. Сахнада қуыршақпен жұмыс істеу өте күрделі және көп уақыт қажет ететін процесс. Қуыршақтың адамдарды күлдіріп және жылатып, қуантып немесе мұңайтып, ғажайыптар жасауы үшін үлкен жұмыс қажет. Театр актерлері мереке күні достар арасында жаңа кездесуді асыға күтуде.

Буревестник ауылына гастрольдік сапар

14 мамырда, Халықаралық отбасы күні қарсаңында, Облыстық қуыршақ театры Наурызым ауданының Буревестник ауылының кішкентай тұрғындарына, тұсаукесері 10 сәуірде өткен, «Путешествие с Красной Шапочкой» атты жаңа қойылымын ұсынды. Мектептің спорт залына жиналған кішкентай көрермендер үшін біздің театрдың актерлері: Д. Кенжегарин, О. Коротченко, Д. Норка және В. Митенко тамаша ертегі көрсетті. Жас театр сүйер қауымына жаңа және ерекше интерпретациядағы танымал ертегі өте ұнады. Олар актерлердің шебер ойынынан, жарқын декорациялар мен қуыршақтардан, әзіл мен көңілді әндерден көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсер алды. Бұл қонақжай мекенінде театрымыздың әртістері бірнеше рет болып, көрермендерді қуанткан еді. Әрдайым театрдың шығармашылық ұжымының гастрольдері сол жерде үлкен жетістікпен өтеді. Осы жолы да спектакль жақсы қабылданып, балалар үшін жарқын әсерлер мен қуанышқа толы керемет оқиға болды! 

 

Қайырымды істер марафоны

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Облыстық қуыршақ театры «Ястребок» қайырымдылық спектаклін ұйымдастырды.

Ақпараттық серіктестер